Тас дейміз-ау тасты біз – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Тас дейміз-ау тасты біз» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 707
Тасқа жазу қалдырған
тарихымда бабалар...
Жеткізсін деп ұрпаққа,
күн туғанда саралар.
Түсінісе алмаған
кездерінде бір-бірін
«тастай қатты» дейді екен
Пенде шіркін табалап!
Бабалардың өшірмей,
Шеруінен ақ табан,
Мықшияды балбал тас
жазуларын сақтаған.
«Тастай қаштың кеше» деп,
тастай қатып жатпаған,
Ата-қоныс өз төрім,
Құшағыңды аш маған!
Самарқанның көк тасын,
балқытқанда науырыз,
Жауса өткінші сол сәтте,
тастайды екен жауын із.
Сіңіре алса әз шуақ,
қатты емес-ау, ол да онша
Түріктерді аман ап
Қалған дейді тас монша...
Тасты – тас деп мұқатпа!..
Арулардың мойнында
құлпырады көз тартып
Асыл, лағыл тас моншақ!
Қанша зергер тарихта
аты қалды тас қашап,
Өтпейтұғын пышаққа
дейді екен жұрт «тасқа шап»!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері