Исатайдың аңдасы Махамбет жыраудың сөзі – Махамбет Өтемісұлы

Бұл бетте «Исатайдың аңдасы Махамбет жыраудың сөзі» атты Махамбет Өтемісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.03.2019
  • 0
  • 0
  • 23064
(Қазіргі қазақ әліпбиіне түсірілген көшірмесі)

Ереулі атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай,
Құбыланы төрткүл оңға алмай,
Тебінгіні терге шірітпей,
Терлікті сүттей ірітпей,
Өлеңді төсеп ет жемей,
Ұлы түске ұрынбай,
Жанға салған малтаның,
Әр түйірі ат болмай,
Атыңды байлап келгенде,
Қатын, бала жат болмай,
Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Темірқазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай,
Ерлердің ісі бітер ме!?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері