Бала қайың – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Бала қайың» атты Тайыр Жароков жазған бала туралы өлең берілген.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 770
Бала қайың балауса
Бөбегіндей көктемнің,
Бал-бұл жанған алауша
Балғын бойын өпкен күн.
Көк алақан жапырақ
Жайса аясын құс таңдай,
Жел соқса, – сәл қалтырап
Тұр шымшық боп ұшқандай.
Торғай барып қонса да
Жас бұтағы майысқан,
Сымдай түзу болса да
Қылдай нәзік қайысқан.
Соғып соның суық жел
Жапырағын үзбеші
Сүйіп жібек гүлін жел
Күннен сәуле іздеші!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері