Көктемгі найзағай – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Көктемгі найзағай» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1122
Алға әлдилеп арманды
Алып келді бұл көктем,
Дүр сілкінтіп тауларды
Күркіреді күн көктен!
Арқалы асқақ ақындай
Ақынды бір жыр төккен,
Арсы-гүрсі шатырлай
Атты садақ күн көктен
Сиясына көк бұлттың
От қаламын найзағай
Малып алып
отты екпін
Ақын өлең жазғандай


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері