Қалада жауған қардың қара болатынын – Ұлықбек Есдәулетов

Бұл бетте «Қалада жауған қардың қара болатынын» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.07.2020
  • 0
  • 0
  • 2087
Қалада жауған қардың қара болатынын,
көргенде кеудемде жара қалатынын,
сен түсiнесiң бе, бауырым? -
сондықтан менiң күйiктен
жанымды алдарқатар шарап алатыным...

Ауылға барсам жолатпай құлын тебетiнiн,
Жүрегiме сонда алма бақ гүлiн себетiнiн,
Сен түсiнбейсiң ғой, бауырым! -
Сондықтан менiң үздiксiз
Удай ащы шылым шегетiнiм...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері