Жетім бұрыш – Ұлықбек Есдәулетов

Бұл бетте «Жетім бұрыш» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.07.2020
  • 0
  • 0
  • 4868
Қорлықты мына кiм көрген:
Алматы толы - үйсiздер.
Үйсiз де күйсiз жүргенмен
Ұрпақтың қамын үнсiз жер.

Кiргенi - кiсi есiгi,
Соңан да көңiл жайланар.
Сәбидiң сәмбi бесiгi
Тербелер бұрыш қайда бар?

Ол үшiн кiм бар қайғырған,
Алматы толы - жетiмдер.
Малдасын құрған маймылжан,
Торыңның маған шетiн бер!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері