Өлең, жыр, ақындар

Бақыт

  • 29.04.2019
  • 0
  • 19
  • 131961
Бір құдірет бізді өмірге жолдайды.
Біз өмірді түсінбейміз,
Сол — қайғы.
Туа сала таудай бақыт күтеміз,
Ал шынында бақыт үлкен болмайды.
Лүпілдеген тамырындай шекенің
Жеке сағат,
Жеке тәулік,
Жеке күн.
Үлгермейміз түсініп те,
Байқап та
Кейбір сәттің нағыз бақыт екенін!
Құс сияқты сезінбейтін қанатын
Бақыт — сәби білмейтұғын әлі атын.
Бақыт! Бақыт — ғажайып бір дәм ғана
Сүйгеннен соң ерініңде қалатын!
Ақындардың көмейінен жыр ақса,
Кейбіреулер сөз бәйгеде жүр ақсап.
Бақыт шіркін асыл болса — бір мысқал,
Бақыт шіркін уақыт болса — бір-ақ сәт!
Мүмкін емес бұл өмірден исіну.
Болу керек ән әдемі,
Күй сұлу.
Бақыт деген бұлтты күні — жадырау —
Бақыт деген жұмыс болса — сүйсіну!
Келтіретін адам болсаң елге мін,
Неге керек босқа өмірге келгенің!
Бақыт егер байлық болса — бергенің,
Керек болса — Отан үшін өлгенің!
Өмір мына лыпып тұрған ұстара.
Өлім келсе,
Қай туысың түсті ара?!
Бар ғұмыры басқа қонған бақыттың
Көбелектің ғұмырынан қысқарақ!
Бір құдірет бізді өмірге жолдайды.
Біз өмірді түсінбейміз,
Сол — қайғы.
Бақыт үлкен болған емес шынында,
Ал қайғының кішкентайы болмайды!



Пікірлер (19)

Гүлназ

Керемет екен!!!

Айнаш

Өте керемет!

Али

Қадыр Мырза Әлинің Бақыт өлеңі маған ұнады

Асем

Маған өте қатты ұнады

Зейнеп өте

Азиза

Ашенова Сезім

Керемет өлең екен. Маған ұнады. Қадыр Мырза әлидің өлеңдері мықты ғой. Өлеңдері жасай берсін. Алға

Ашенова Сезім

29.03.2024ж
Өлеңдері керемет екен

Каусар

Оте керемет олен мен осы оленын аркасында 1 орын 100.000 тг утып алдым рахмет????

Берікқызы Ақниет

Мәәә жаттау керек????????

Шадия

Өте керемет мағынасы терең өлең

Айнұр

керемет керемет керемет

СҰЛУШАШ НҰРМАҒАМБЕТОВААпайдың өлеңіне жазылған көп

Ғажап!!!

нурик

унамагандар быргемыз

Жансулу

Өте керемет

Диана

Әдемі өлең екен

Диана

Әдемі өлең екен

Айкощ

Оте кушты, магынасын тусынгенге жаксы❤

Никто

Мен кекешпін және маған ертең жарыс мен не істим ????????????????????

Тупо

Кушты

Пікір қалдырыңыз

Кеңес

  • 0
  • 0

Жұлдызым боп жанса шындық төбемде,
Өтіріктің шылымын мен шегем бе?!
Сұлуларға әдемісің демесең,
Селт етпейді ақылдысың дегенге!

Толық

Таң

  • 0
  • 0

Күншығыстан нұр алып,
Қалғып-мүлгіп жатты ну.
Жусан желден ырғалып,
Жасап кетті жаттығу.

Толық

Жол ортасы

  • 0
  • 0

Қайран тірлік!
Қызықтың бәрі осында:
Өкпе-наз да,
Үйлесім-жарасым да.

Толық

Қарап көріңіз