Бүркіт пен тауықтар

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 07.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1793
Күнді анықтап көргісі бір келгенде,
Бүркіт ұшты шарықтап.
Біраз жүрді қалықтап,
Жай ойнайтын жерлерде.
Содан кейін төмендей кеп жай ғана,
Қонды шағын шөмелеге жайлана,
Бүркітке бұл аласа еді дегенмен.
Құс Патшасы шөмелеге алайда,
Мән бергісі келді ме екен қалайда?
Не өзіне лайықты маңайда
Болмады ма биік жартас, емен де?
Біле алмады не болғанын Патша бұл.
Еткеннен соң аз дамыл,
Барып қонды шөмелеге басқа бір.
Мұны көрген Тауық дүр
Былай деді досына:
«Бүркіт боп па осы да?
Қарай көрші қонған жерін тауып бір.
Самғап мына қорадан,
Мен де ұшып-қона алам.
Қанат жайып ұшар болсам егерде,
Бүркіттердің тырнағын да, көзін де,
Байқадың ғой өзің де.
Керек десе, кезінде
Біз секілді ұшады екен төменде».
Деді Бүркіт тәкппарсып шамалы:
«Төменірек ұшатын кез болады.
Ал, бірақ та, Бүркіттерден жоғары
Ұшқан Тауық жоқ әлі!»
* * *
Таланттының таныр болсаң ұлысын,
Тырнақасты кір іздеме, құрысын.
Бәрінен де дұрысы –
Ол самғаған биіктерге бір ұшу.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бүркіт пен тауықтар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Бүркіт пен тауықтар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Бүркіт пен тауықтар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бүркіт пен тауықтар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері