Дүние құдіреті – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Дүние құдіреті» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 1
  • 3905
Жүреді жұрт қимағаннан
Тірлікті тұғыр етіп.
Өзіне-өзі сыймағаннан —
Дүние құдіреті:
Өзіне-өзі сыймағаннан
Найзағай тұтанады.
Өзіне-өзі сыймағаннан
Желіннен сүт ағады.
Өзіне-өзі сыймағаннан
Сағыныш сарылады.
Өзіне-өзі сыймағаннан
Жанартау жарылады.
Өзіне-өзі сыймағаннан
Күніңнен нұр шығады.
Өзіне-өзі сыймағаннан
Ақыннан жыр шығады.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Ақниет

Маған қатты ұнады сендерге ше

Осы автордың басқа өлеңдері