Бұл бетте «Нөсерден соң» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
26.09.2021
0
0
1108
Бәлкім, мұңды хал шығар —
тал көз жасын іркіп тұр.
Көзі шатынап тамшылар
әлденеден үркіп тұр.
Маңай — сылбыр, сұрама —
сылбырлықта мың түрлі:
су ағады жырада
сүт қатқан шай сықылды.
Ала алмай тұр жел екпін —
көкті кетті сүртіп кім?!
Түбі кәрі теректің
сирағындай бүркіттің.
Бір жасардың, жалған-ай;
қайың-ару, хал қалай?..
Айыр інген — Алатау,
боздап келіп қалғаны-ай.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі