Шахматшылар
Бұл бетте «Шахматшылар» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 11.09.2024
- 0
- 0
- 1253
Міне, бұлар нағыз дарын,
Міне, бұлар нағыз ғалым!
Шахматшы ағайынды
Келеді шын уағыздағым.
Қанша шыдам бойларында!
Қанша жүріс ойларында!
Қаншалықты толқиды олар
Ойнағанда, ойланарда?!
Біле алмайсың бұрыс дерін,
Біле алмайсың дұрыс дерін.
Алма-кезек ойланады
Екі жақтың жүрістерін.
Бір жүрісі – сүйіншілік!
Бір жүрісі – қиыншылық!
Мен олардай ойлар болсам,
Кетер еді миым шіріп!
Қуат берген сүті ананың,
Мен де кейде тұтанамын.
Болмасам да шын ойынпаз,
Кейбіреуді ұта аламын!
Дегенменен ысыл сен де!
Тек бекерге кісімсінбе!
Бұл ойынды ойнау түгіл,
Жетіп жатыр түсінсең де!
Ойдың жүгін артып нарға,
Сақтана жүр,
Қарпып қалмай!
Не жетеді
Болғаныңа
Каспаров пен Карповтардай.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі