Жалғыздық – Ұлықбек Есдәулетов

Бұл бетте «Жалғыздық» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.07.2020
  • 0
  • 0
  • 3213
Жалғыздық,
маған сен аштың,
Құдайға барар қақпаны,
өзiңмен ғана санастым,
ес бiлiп, етек жапқалы.

Жалғыздық,
сенiң барыңда,
жалғыздығымды сезбедiм,
қалмағанда ешкiм жанымда,
сен ғана менен безбедiң.

Ел-жұртпыз деген адамдар,
жалңызсырап жүр бәрi де,
шаншыса жүрек - не амал бар,
жарайтын сенсiң дәрiге.

Құшағыңа кеп құладым
қашқанда жауыз жалғаннан,
құтқар деп сенен сұрадым,
мақтамен бауыздалғаннан.

Төбемнен мiне тау құлап,
тас түнек басты әлемдi,
қарақат көзiң жаудырап,
Жалғыздық,
жалғыз қал ендi!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері