Тырналар
Бұл бетте «Тырналар» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 19.04.2024
- 0
- 0
- 1478
Жүр едім мен жылқы іздеп,
Қыр үстінде құраулап.
Көктен көрдім бір тізбек
Самғап ұшқан тыраулап.
Жүгірдім мен тырналар
Жақын жерге қонар деп.
Қонып біздің қырға олар,
Жайылатын болар деп.
Қонбады олар бірақ та,
Ұшып кетті алыстап.
Ал мен болсам қыратта
Қала бердім дауыстап:
– Аспан ашық, дала кең,
Қош болыңдар, тырналар!
Мен сияқты баламен
Дос болыңдар, тырналар!
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі