Сағаттың тіліне қарсы – Ұлықбек Есдәулетов

Бұл бетте «Сағаттың тіліне қарсы» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.07.2020
  • 0
  • 0
  • 2188
Медеуге күнiге баршы,
Айдынға үңiле қалшы:
Жұрт түгел сырғанайды онда,
Сағаттың тiлiне қарсы.

Байқашы жан сырын ұғып,
Көзiнде таң шығы күлiп,
Осы жұрт жынданған жоқ па
Уақытқа қарсы жүгiрiп?

Парызды ойланар күн кеп,
Бұл да бір қолға алар міндет:
Сағаттың тіліне қарсы
Кағбаны айналар үмбет.

Жұмбақ-ау,
Тегi, бұл жалған,
Бәрiнiң өңi нұрланған.
Тапты екен қандай қанағат,
Уақытты керi бұрғаннан?

Ағарған самайымды
Елге
Көрсетпей жабайын демде...
Сағаттың тiлiне қарсы
Жүгiрiп бағайын мен де!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері