Каспий. Қызыліңір

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1384
Бұрынғы өмір.
Бұрынғы ауыл.
Бұрынғы ән...
Бұрынғы Күн, көкжиекке тығылған.
Жөргегінен аунап түсті жүрегім,
Уақыттың уысына ұрынған.

Толқып...
Тасып...
Симай сезім арнаға,
Маған бейне қарайтындай маңдана:
Секпіл құмы табанымнан сүйетін,
Селеу басы зікір салған сардала.

Көктем кешіп...
Көңіліме ем іздеп,
Ойсыздықтан болмақ едім желі үзбек.
Әлденені ұқтыра алмай жатқандай,
Көбікауыз, көпіреді теңіз кеп.

(Ұғынғанға, жартас болу- бұл бір бақ,
Аймалайды... теңіз салған мұңлы ырғақ)
Бала қайлар*- балақайлар секілді,
Балағыма оралады былдырлап...

Табиғаттың мынау тұмса қалпынан,
Уыз самал есіп тұрды аңқыған...
Өрекпіген көңілімнің өңіндей,
Каспий жатыр, қызыліңір шарпыған...

-------------------
* қай- толқын


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Каспий. Қызыліңір өлеңінің авторы кім?

Еділбек Дүйсенов — осы өлеңнің авторы.

Каспий. Қызыліңір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Каспий. Қызыліңір өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Еділбек Дүйсенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Каспий. Қызыліңір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері