Ақ қыс айшықтары – Еділбек Дүйсенов

Бұл бетте «Ақ қыс айшықтары» атты Еділбек Дүйсенов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 17.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1379
Түсіп дүние түр-түрге,
Кештіреді күй қызық.
Жер - сұлуға бір түнде,
Кетті ақ көйлек кигізіп.

Аймалап күн ақ маңдай,
Сансыз сәуле шарқ ұрад.
Қар бетінде жатқандай,
Ақ моншақтар жарқырап.

Аңшылар жүр қуанып,
Күтті мұны қанша олар?!
Болатындай бұл анық,
Қызғылықты "Қан сонар".

Тып-тынық күн...ой, Алла-ай,
Үнсіз қанша жата алар.
Жосылған із жоғалмай,
Арманыңа апарар.

Сиқыр күшті танытты-ау,
Қолын оның көрмедім.
Тереземе салыпты-ау,
Қырауменен өрнегін.

Бүгін ғажап мүлде күй,
Қарап тұрмын ауладан.
Қардан "телпек"киген үй,
Дәу балмұздақ аумаған.

Кіршігі жоқ ақ ұлпа-
Ақ тілегім, арымдай.
Келе берші, сағынта,
Қатыгез боп, тарылмай.

Шат-шадыман шақтарды-ай,
Көбелек-қар қонғай көп.
Тұрғандай қыс:"Ақ қардай,
Жаның таза болғай" - деп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ қыс айшықтары өлеңінің авторы кім?

Еділбек Дүйсенов — осы өлеңнің авторы.

Ақ қыс айшықтары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ қыс айшықтары өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ақ қыс айшықтары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері