Менің мектебім – Еділбек Дүйсенов

Бұл бетте «Менің мектебім» атты Еділбек Дүйсенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.04.2020
  • 0
  • 2
  • 7649
Мектебім - бұлбұл бағынан,
Кеудеме бір нұр дарыған.
Үйрендім кешікпеуді де,
Қоңырау сыңғырларынан.

Үйрендім әдет-ғұрыпты,
Өмірге қажет білікті.
Адамдар арасындағы,
Құрмет пен әдептілікті.

Шуақты, едің көктемім,
Санама-сенім еккенің.
Тек қана жақсылық төгер,
Меккемсің, менің мектебім.

Жаныма жыр егілгесін,
Жасырып жүремін несін!?
Тербедің, бесігім болып,
Сен менің жүрегімдесің!


Пікірлер (2)

Мектеп

Күшті мектеп ол бізге әдептілікті және білімділікті үйретеді өте тамаша маған қатты ұнады менің де өлең шығарғысы келіп кетті ғой

Кенжебай Ернар

Мектеп

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің мектебім өлеңінің авторы кім?

Еділбек Дүйсенов — осы өлеңнің авторы.

Менің мектебім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің мектебім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Еділбек Дүйсенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің мектебім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері