Шәкірттеріме
- 0
- 1
Балалар, жат та, тұр да, білуді ойла,
Үнем түгел тұрмайды мұндай тойда.
Жігіттіктің қадірін ғылыммен біл,
Салқылық, салақтықты былай қой да.
Бұл бетте «Кәрілікке» атты Әріп Тәңірбергенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Әріп Тәңірбергенов — осы өлеңнің авторы.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.
Бұл өлеңде Әріп Тәңірбергенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.
Балалар, жат та, тұр да, білуді ойла,
Үнем түгел тұрмайды мұндай тойда.
Жігіттіктің қадірін ғылыммен біл,
Салқылық, салақтықты былай қой да.
Баладан, мал мен жиһаз болмас пайда,
Қазір біз тексерусіз жүрміз жайға.
Тірлік бітсе, өлмегің шын емес пе,
Бұрынғы ата-бабаң - бәрі қайда?
Адамға Хауаны арнап жаратты Хақ,
Ғибрат түп атаңнан ойланып бақ.
Әлемнің тұңғыш ұлы, тұңғыш қызы -
Бұлардан басқа жандар келмеген шақ.
БОЛАТБЕК аяулым
Бұл не сұмдық маған мынандай ақпараттардың керек емес келесі жолы пайдаға жарайтындай бір нәрсе жазыңдар
Дəулет
Мағынасы керемет, кәрілік деген қиын ғой :( Қол аяғың жіпсіз байланып қалады, жастық шақтың қадірін білу керек.