Бүгін ешкім ат ізін салмады маған

Бұл бетте «Бүгін ешкім ат ізін салмады маған» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 838
Бүгін ешкім ат ізін салмады маған,
Өмірімді тағы да жалғады қалам.
Ауырғанда жолдастар есікті қақпай,
Жалғыз өзі кісінің қалғаны жаман.
Керексіз жан ешкімге саналдым дағы,
Апта болды, үйіме қамалдым тағы.
Достарым түсіп кетті де есіме менің,
Ұйқымнан шошып ояндым таң алдындағы.
Отырдым тұрып төсекте мезі еткен мені,
Бірақ та бірақ өлеңге кезек келмеді.
Шырылдап торғай ақ таңнан хабар беріп тұр,
Өкініш біткен өртеніп өзек кернеді.
Барады екен ойлансам бәйгең де қалып,
Орнымнан тұрдым басымды ой кернеп алып.
Оңаша ғана бөлмеде оңаша ғана
Отырдым сосын бір шәйнек шәй демдеп алып.

1998 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бүгін ешкім ат ізін салмады маған өлеңінің авторы кім?

Әбілда Аймақ — осы өлеңнің авторы.

Бүгін ешкім ат ізін салмады маған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бүгін ешкім ат ізін салмады маған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбілда Аймақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бүгін ешкім ат ізін салмады маған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері