Sсotophobia. Безгек

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1479
Құс жолы бүрлеп төбеңде
бейне өрік талша.
Бейне өрік талша елітер күйге еніп те алса-
Табаныңнан кеп түнде Өлім қыдықтайды екен,
Мəнсіздігіңнің ішінде кейде өліп қалсаң...

Мен жалықсам да ғұмырдан...
Жол арымаған...
(Жол арығанша шалдықпау жөн еді маған)
Қанша пəруана болса егер шамдалда өртенген,
Соншама үміттерімнің обалы маған...

Білерім осы!
Білгенім- құндағы жырдың.
Тəлейі шығар бұйыртқан бұл да ғұмырдың.
Оңай деймісің маған да, бауырыма да,
солғанша сору емшегін құрғақ іңірдің?!

Мың жылда бір рет қанбаған Іңірдің шөлі,
Тынады болып ақыры жырыңның соры.
Іңір мен Таңның ортасын адақтап жүрген,
Шамасы, былай бітеді ғұмырдың соңы:

"Ақындық құштар Тəңірлік сезімге ұласып,
Қайыршының да алдында сөзің жуасып.
Күнұзағына ғайып боп, сабыла іздеген,
Артыңда тұрар көлеңкең көзіңді басып..."

Иə, осылай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Sсotophobia. Безгек өлеңінің авторы кім?

Еділбек Дүйсенов — осы өлеңнің авторы.

Sсotophobia. Безгек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Sсotophobia. Безгек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Еділбек Дүйсенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Sсotophobia. Безгек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар