Кәрі ағаш – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Кәрі ағаш» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 869
Қанаттары қайрылып
Қара балақ кәрі ағаш,
Жапырағынан айрылып
Қалыпты тыр жалаңаш...
Күн күркіреп, найзағай
Оғы атылып өткенде
Қанаттарын найзадай
Қиып әлде өткен бе?
Елестетті бұл маған
Ізін мезгіл сырының,
Сол ағаштай қураған
Кәрі өмірдің сынуын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері