Таудан тұрған бұлт жаумай тына ма – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Таудан тұрған бұлт жаумай тына ма» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1128
Таудан тұрған бұлт жаумай тына ма,
Жасауыл-жел айдап, аумай тына ма?
Қайырлы көктемнің найзағай, нөсері –
Жомарт жаздарға сияпат, сыбаға!
Найзағай ойнайды, ойқастап от шашып,
Тына қап...
Бұлттарды сынап ап, тоқырап, тоқтасып,
Құлап құбылаға барады қызыл күн
Шапақ сәулесін кіреуке тот басып.
Таудың мұнары төмен жылысып,
Қарағай қалтырап, қалқып бу ұшып.
Тауға төгіліп, тасқа соғылып, сүбесі сөгіліп,
Беу бұлттар-ай...
Бұл жақтан кетеді-ау суысып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері