Өлең, жыр, ақындар

Перiштеге ғашықпын

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 829
(Топтама)

Перiштеге ғашықпын, пендеге емес,
Мен бiлетiн ол шiркiн елден емес.
Күнi бойы есiмнен бiр шықпайды
Түнi бойы түсiме енген Елес.
Елесiмнiң бағамын қас-қабағын:
Iшпей-жемей көркiне мас боламын.
Ай сəулесiн аялап алақанда,
Жұлдыз жырын, айтады ол аспан əнiн.
Аспан əнiн –
Боздатып бостан əнiн
Жаспен жуып отырар жас жамалын.
Қарағанын қайтерсiң қарағымның,
Екi бiрдей төңкерiп тостағанын!
Қарағанын қайтерсiң қарағымның
Жанын жапа,
Жайлап ап жанарын мұң...
Мен ғашықтың назарын наз деп ұғып,
Мен ғашықтың азабын жаңа бiлдiм!..
Жаңа бiлдiм,
Кеш бiлдiм,
Кеш ұғындым...
(Елес көрсе шықпайды есi кiмнiң?)
Тiлiң бар ма, күнiм-ау, үнiң бар ма,
Тым болмаса айтсаңшы, есiмiң кiм?
Есiмiң кiм, Перiштем, Пiрəдарым?
Еркесiме ең сен де əзiз бiр ананың?
Қоншы бiр сəт қолыма, ұшып кетпей,
Қалшы бiр сəт қасымда, сұранамын?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Денем – шоқ

  • 0
  • 0

Денем – шоқ,
Дегбірім жоқ,
Дертім – Өлең.
Кезім көп көше кезіп тентіреген.

Толық

Сен менi неғыласың, неғыласың

  • 0
  • 0

Сен менi неғыласың, неғыласың,
Жел-құйын ой-қиялға толы басың.
Көшеге көк көйлектi киiп шықсаң,
Көлденең көкаттыға жолығасың.

Толық

Аттан түскен мырзадай

  • 0
  • 0

Аттан түскен мырзадай,
Құздан түскен құлжадай,
Құзырына Құдайдың
Құлдық ұрған қу жан-ай!..

Толық