Элегия – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Элегия» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.07.2021
  • 0
  • 0
  • 769
Өтiп жатқан күндерiм бiрыңғайлы
Құлағыма сен жоқ деп сыбырлайды.
Тереземе тұтылған түн пердесi
Өз қолыңмен болмаса, сырылмайды.
Қара түннiң пердесi көлегейлеп,
Жарық таңнан жатқандай менi өгейлеп.
Жарым түнде қолымды созам саған
«Келшi, жаным,
келшi ендi,
келе ғой...» – деп,
Жарым түннен жеткенше құба таңға
Жылатам да жанымды, жұбатам да.
Саған ұқсап кетедi кең дүние,
Алатаудан күн көшiн құлатарда.
Алақанға қондырып асыл айды,
Жалғыз үмiт жанымды асырайды.
Кiрпiгiмнен ашылған аумай қалып,
Алатаудан Күн нұры шашырайды.
Өзiмшiлдеу өмiрдiң жолы қысаң,
Жайымды айтсам, қалайша жаңылысам.
Түн баласы көз жазып қаламын да,
Жарық таңда қайтадан жолығысам.
Амал бар ма ажалға араны ашық,
Жүректегi қайтейiн жараны ашып.
Бүгiн тағы келдiң де, кете бардың
Көшедегi көп қызға араласып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Элегия өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Элегия өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Элегия өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Элегия өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері