Қолымнан менің келсе егер – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Қолымнан менің келсе егер» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қолымнан менің келсе егер,
Құс қанат тұлпар алдырып.
Күмістен ерді салдырып,
Күндіз-түн жортып талдырып.
Құсты да ұшқан қалдырып,
Жайықта шөлді қандырып,
Еділде еру шалдырып,
Жетер ем саған тұлпардың,
Жабдығын бір-ақ алдырып.
Қолыңнан сенің келсе егер,
Алпыс қыз нөкер алдырып.
Сәукеле басқа салдырып,
Саумалмен шөлін қандырып.
Ақ күмбез алпыс отауда,
Жағалай шырақ жандырып,
Отырмай белді талдырып,
Сен мені күтіп алар ең,
Естіген елді таң қылып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қолымнан менің келсе егер өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Қолымнан менің келсе егер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қолымнан менің келсе егер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қолымнан менің келсе егер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері