Отанды сүй. Отқа түс от лауласа – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Отанды сүй. Отқа түс от лауласа» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.09.2020
  • 0
  • 0
  • 2741
Отанды сүй. Отқа түс от лауласа,
Ал егерде, егерде от болмаса,
Сүйгеніңді Отанды көрсетем деп
Жасай көрме, жарқыным, тек далбаса.
Кім анасын сүйем деп айқайлайды,
Сыйлағаны үшін кім той тойлайды?
Сыйлағанын, сүйгенін анасына
Айта алмайды айқайлап, айта алмайды.
Отан – ана...
Сүйе бер, сүй үнсіз-ақ,
Сол махаббат – мәңгілік жылу-шуақ.
Отан-анаң алады түбі сынап,
Түбің шикі болмасын...
Түбі, шырақ!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері