Жұпты бөлсе, білемін дара болар – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Жұпты бөлсе, білемін дара болар» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 727
Жұпты бөлсе, білемін дара болар,
Бағы күйген ақ жүзі қара болар.
Тақты бөлсе, бүтіндік ада болар
Жарты, сынық, бөлшектер ғана болар...
Өзі бүтін болмаса, өңкей жарты...
Сынық көңіл кімдерге пана болар?
Алу, бөлу, көбейту, қосу – бәрі
Жүйрік ойдың жемісі ғана болар!
Амалдарды орнымен ойластырса,
Адамзатқа алдырмас қамал болар!
Айла асқан ба адамнан, заман куә
Қамалды да бұзатын амал болар?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері