Тау – Ажар Ерболған

Бұл бетте «Тау» атты Ажар Ерболған жазған табиғат туралы өлең берілген.

Мәңгілкке түйсігімде түйілген,
Тау иісті дем бұрқырап санамда...
Арпалыстым қала кезген күйіммен,
Бұдан артық құрсау жоқтай ғаламда. 

Менің таулық тамырымның соғысы,
жаңғырығын жартастардың сездіріп,
Мына таңның тірлігімен жоқ ісі,
Ойларымды тауға асыққан кезді үміт. 

Дүниеден дым бітірмей дүрліккен,
Арлы жасын мөлт еткізсе ізгі өлең,
Мендік жүрек барша мынау тірліктен,
Тау сипатты тазалықты іздеген. 

Бірі дертті, кеуделердің бірі өлі,
Жұмыр жерде табылмаған бір емі,
өлер болсам, мен сендерге түнеп өлгім келеді,
Ей, таулардың жүрегі!
Ей, таулардың жүрегі! 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері