Қоңырым

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Көңілімнен көрінсе егер мұнартып,
бір арманның биігі.
Мынау кешкен күндерімнен мың артық
үмітімнің күйі бұл.

Сол көктемім, тербеген өлең-гүлін,
Тым аяулы сәтің көп.
Сол көктемде мен емес, менен бұрын,
Аспан кеткен ақын боп...

Аспан-ақын атырып арай таңын,
Іңкәрлікке толы мың,
Тым биіктен мөлдіреп сені айтады,
Сені айтады, қоңырым!

Білесің бе, сен де сондай биіксің!
Дәл өзі де тұнықтың.
Аспан саған, сен аспанға түйістің,
Мейірленсе күліп күн.

Шырақтың да биігі сезім жаққан,
Саған ғана ылайық.
…Келер ме екен бір көктем өзің жақтан,
Тым сүйкімді мұңайып?…

Бір жылылық күтетін көңіл біздің,
Бұл өлкеден жаурады.
Шығарып сап отырмын соңын күздің,
Тағы бір түн аунады.

Күйбең күннен бір мейірім сұрап ем,
Елеусіз қап көңілім,
Сендей биік бола алмай жүр бұл әлем,
Қоңырым-ай, қоңырым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қоңырым өлеңінің авторы кім?

Ажар Ерболған — осы өлеңнің авторы.

Қоңырым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қоңырым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ажар Ерболған өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қоңырым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері