Қарға туралы – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Қарға туралы» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 628
«Қарғыс алып, қарайып, қара түске боялған
Қарға құрлы сыйым жоқ...»
Жәния Ералиева.

«Қарғыс алып, қарайып, қара түске боялған...»
Оқығанда бұ жолды көңіліме ой алғам.
Содан бері қар жауса, жапалақтап,
Ақ әлем...
жанұшырған «қарр-қарр» деп қарға көрем,
Қара әлем.
Қарқылында бір мін жоқ, ақтарылар ағынан
Не дегісі келді екен, тыным бермей жағына?
Қармен жуып, алғысы келді ме екен тазарып
Қарғыс атса...
қорқам, «әй, қиын-ау, деп ағару»!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері