Өлең, жыр, ақындар

Еменнің түбіндегі шошқа

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Түбіне бір Еменнің Шошқа келіп,
Жемісін жерге түскен жеді теріп.
Тойған соң келістіріп ұйықтап алып,
Еменнің түбін қазды тұра келіп.
Шошқаға сол уақытта сөз айтады
Ағаштың басындағы құзғын көріп:
«Тамырын қазып, аршып тастаған соң,
Қалмай ма Емен қурап, кеуіп, сынып?»
«Қураса, қурайды деп, қиналман көп,
Қурамай тұрғанменен, неме ол сеп?
Қурасын, маған салса, күйіп кетсін,
Қайғырман оның үшін уайым жеп.
Құдайым жемісінен айырмасын,
Қылатын мені семіз солар ғой тек!».
Сол шақта күңіреніп сөйледі
Емен Шошқаға айтып тұрған осылай деп:
«Ей, шіркін! Жақсылықты білмейтұғын!
Білсең сен, не бетің бар бүй дейтұғын?!
Жоғары қарай алсаң, білер едің
Шыққанын жеміс қайдан сен жейтұғын!»

* * *
Дүниеде түрлі-түрлі адамдар бар,
Жақсы мен арасында жамандар бар.
Ғылымды пайдаланып отырса да,
Сезбейтін сол пайдасын надандар бар.


Пікірлер (6)

Ачулым

Мынау жаксы мысалдар екен.Маган катты унады.Бул интернеттин комеги тиди-ау айтеуир!!!

Акерке

Бул мысалдар жаксы

Нұрқанат

Жақсы маған қатты ұнады

Ерлан

Мықты!

Рахмет

Рахмет

Айдана

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Еменнің түбіндегі шошқа өлеңінің авторы кім?

Ахмет Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Еменнің түбіндегі шошқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Еменнің түбіндегі шошқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ахмет Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Еменнің түбіндегі шошқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері