Дос дегенің – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Дос дегенің» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған достық туралы өлең берілген.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 1789
Дос дегенің күнде қарап, жалықтырар айна емес,
Дос дегенің шытырлатып санап алар пайда емес,
Көлеңке боп еріп жүрсе, нағыз досың ол да емес,
Дос дегенің қанжығаға байлап жүрер олжа емес.
Дос дегенің сынақтарда сыналған сәт сүрінсең,
Дос дегенің тымық кеште өз-өзіңнен бүлінсең,
Дос дегенің арын бермес ішкі ағынмен алыссаң –
Арыныңды баса алатын сенім артар арыстан!
Дос дегенің–ол да пенде, бар құдырет онда емес,
Шығарында жаны бірге деген сенім заң да емес!
Дос таба алсаң күллі Арыстан адал, шын!
Мен де саған тілектеспін, көңіл-патшаң ағарсын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері