Ленин мавзолеиінде

Бұл бетте «Ленин мавзолеиінде» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 714
Бұл ұстаз — еңбекшінің ардақтары,
Асқар таудай панасы, қорғандары.
Ұйықтап жатқан сықылды көрінгенмен,
Көп тұрдық, ұйқысынан оянбады.
Адамды қалың, ауыр түсірді ойға,
Ми толғанып, шымырлар қаның бойда.
Әлі де рас ұйқтап жатыр ма екен,
Оян деп сұрар едім, оянар ма?..
Көп тұрдық оянудан күтіп дәме...
Тырп етер емес, бірақ, жатқан дене!..
Олай болса, толғанып тұрған жүрек
Махаббатты сөзіңді айтшы, қане!
Ия бұл ма? — Бұл Ленин — Ленин еді!
Бұл әлемге бақыт боп келіп еді,
Езілгенге азаттық әперем деп,
Талай ауыр халдерді шегіп еді.
Жанын талай күреске жегіп еді,
Арамтамақ доңыздан жеріп еді,
Көп күреспен орнатып бостандықты
Жемісін коммунизм егіп еді.
Арманға түгел жетпей, ажал кепті,
Келгенмен не қылды, оның несі кетті?
Бар істеген қастығы — қимылдағы
Денені мәңгі ұйықтатып, жансыз етті.
Бұл зор аза еңбекші адамзатқа...
Тарихта ие Ленин ардақты атқа!..
Ол салған даңғыл жолды кеңейтуге,
Жігермен еңбекші тап тұрды сапқа.
Тыныссыз мынау жатқан алып кеуде,
Сыймай ма шетсіз, шексіз әлем деуге?
Бар ісін тарих артқан өтеп өлді,
Не мән бар ендеше оны елді деуге?

1925


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ленин мавзолеиінде өлеңінің авторы кім?

Сәбит Мұқанов — осы өлеңнің авторы.

Ленин мавзолеиінде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ленин мавзолеиінде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Мұқанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ленин мавзолеиінде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері