Орын жоқ, жайсыз болсам, маған жайлы – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Орын жоқ, жайсыз болсам, маған жайлы» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 670
Орын жоқ, жайсыз болсам, маған жайлы,
Суық жан, ыстық жерді таба алмайды.
Егерде жан дүнием қара болса,
Ақ жаулық салғанмен ол ағармайды...
* * *
Ортақ аспан, жер бесікте тербелем,
Көрмесінші, көре тұрып, көрмеген.
Мына өмірге туамын деп қыз болып,
Тумай тұрып, құдайға арыз бермеп ем...
* * *
Мұз еріді... сел боп талай су ақты,
Талайыма тағдыр тасын жиі атты.
Ғұмыр кештім, сыңсып суық айдында,
Сынық қанат, сыңар аққу сияқты...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері