Келеді досым, ұғар күн – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Келеді досым, ұғар күн» атты Қанипа Бұғыбаева жазған достық туралы өлең берілген.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 649
Келеді досым, ұғар күн,
Ертеңге елтіп, сенем мен.
Күреске солай, шығармын,
Қауырсын қанат өлеңмен.
Тірілер мәңгі өлмесін,
Өлерін кімнің, кім білген.
Дүниенің жарық білмесін,
Уақытша жалдап жүрмін мен.
Уақытқа құйын, ұрыншақ,
Ұрынып, тұсап тірлігін.
Періште, пенде, қуыршақ,
Қуыршақ ойнап жүр бүгін...
Басамын сезім пернесін,
Таласу итше қай теңім?
Құдайдың иіп бермесін,
Адамнан сұрап қайтемін?...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері