Бұл бетте «Тырналар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ұшасыңдар қалықтып,
Барар жерді анықтап,
Тырау, тырау, тырналар.
Көкті бүркеп күзгі бұлт,
Ысқырады ызғырық,
Тырау, тырау, тырналар.
Қуаңданып атырап,
Сарғыш тартты атырап,
Тырау, тырау, тырналар.
Көре алмайсың көгалды,
Шалғын құрақ жоғалды,
Тырау, тырау, тырналар.
Талдар тонын тастады,
Құстар кете бастады,
Тырау, тырау, тырналар.
Ұшасыңдар сендер де
Күн қызуы мол жерге,
Тырау, тырау, тырналар.
Жазда қайтып келіңдер,
Әнмен сәлем беріңдер,
Тырау, тырау, тырналар.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі