Саққұлақ – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Саққұлақ» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2292
Қашан көрсең Тыңбайды,
Көк шыбықты ат қып ап,
Үйінде бір тұрмайды,
Күні бойы шапқылап.
Сабақ сұрап мұғалім,
Шақырса сол Тыңбайды,
Тосады да құлағын,
Сыбыр сөзді тыңдайды.
Бір тыңдап, бір ымдайды,
Ондай кезде тапқыр-ақ.
Сондықтан біз Тыңбайды
Дейтін болдық «Саққұлақ».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері