Ақын достарыма

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1303
Салыңдар құлақ сырыма,
Дарынды менің достарым!
Сүңгіген күннің нұрына
Қанаты күміс құс — бәрің!
Жақсы ғой жүрмек ортаңда!
Дыбысқа неткен бұл күн бай.
Барсыңдар сендер әр таңда
Көктемгі бақта бұлбұлдай!
Асыл ғой отты әр адам!
Өкініш бізгe жоқ онша:
Әттең-ау, әттең!.. Арадан
Күшеншек күншіл жоғалса!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақын достарыма өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Ақын достарыма өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ақын достарыма өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақын достарыма өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері