Өлең, жыр, ақындар

Есболат қытайда жүр

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 667
Таң ата көрсем ғажайып
Тау жақтағы терезем.
Тау әжімі азайып,
Жасарыпты жер, өзен.
Мамық түбіт үйген бе
Тау басына жақсы айым?..
Қызыл бөрік киген бе
Шырша, терек, жас қайың?
Тұрмын ұзақ оңаша,
Ойым сонау қашықта.
Жыр іздеймін жаңаша
Тереземді ашып та.
Ұшқыр қиял жеңбесе,
Қаламын да мұңдана.
—Keшipiңiз, жеңеше,
Хамит ақын мұнда ма?
...Жалт қарасам
үйімде
Есболатым баяғы,
Тық-тық басқан күйінде
Тым әдепті аяғы.
— Сенбісің, әй, сабазым, —
Десем оны бip сүйіп,
Жылт eткізiп қағазын,
Ол күледі ырсиып.
— Сен, әуелі, шырағым,
Kиiмiңдi шеш! — деймін.
— Жоқ, осылай тұрамын.
Асығыспын, шешпеймін...
Сөйлемдерін бітірмей,
Баяғыша Есболым,
Бip қайырған үтірдей
Қойып қалды «қош болын».
* * *
«Келмей-ақ, қойдың, ақыным,
Уәдеге тойғызып.
Қатын да жатыр ақырын
Хаттарын жазып... ой қызық.
Алып-ақ біттi мазаны
Онда да әйел бар ма, — деп.
Бағзы бip кезде жазады
Жейтінің шекер, бал ма, — деп.
Шақырып тәтті жеміне,
Істердей болып дегенін.
Eбінің тентек желіне
Тоғытып алсам деп едім.
...Алыста жүрдік, ақыным,
Жақынға келдік жақында.
Боранның қыстым алқымын,
Болған жоқ одан зақым да.
Арыстан, аю, абжылан,
Құланды қолмен ұстадым.
Тау бүркіт болсам арзыман,
Ұшайын дедім... ұшпадым.
Ұшайын дедім, ұшпадым,
Жол салу керек болғасын.
Хор қызын көрдім, құшпадым,
Ел жақта қатын қалғасын.
Өтірік-шынды кіргізіп,
Аралап Қытай өр-ойын,
Мен үшін бітпec бip қызық
Жазыпты кеше геройым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Журналист сөзі

  • 0
  • 0

Газетім, ой жарығын
Зердеме жұлдыздай жаққан,
Бip сенің аналығың —
Өзіме өлгенше мақтан.

Толық

Ұрпақ үні

  • 0
  • 0

Әзелден сенің әніңнің
Саздарын сүйіп әр түптен,
Қазағы Семей, Нарынның,
Жырларыңды айтты тәртіппен.

Толық

Осылай сайран салып өзім өтем

  • 0
  • 0

Қаныммен жаулап алаған қайран бағым,
Қанжардай қажет дейді қайралмағым.
Iciм не күн мен түнде, келе берсе
Бетінде ақ қағаздың сайрандағым.

Толық

Қарап көріңіз