Салтанат сапары
Көрген талай көктің күшін, жер күшін
Сонау заңғар таудан туған дермісің,
Асқар шыңда алтын шашын тараған
Алма бетті таңнан туған дермісің.
Ақ дидары көз алдыңнан ұрланып,
Ақынның тек қиялында жырланып,
Бip Фәрзана келе жатқан секілді,
От көзінен байтақ дала нұрланып.
Оның бейне ақ шарқаты сүйкімді,
Алыс көкке ақша бұлттай серпілді.
Kүмic қарда ұзын қара бұрымы
Бұралаңдап келе жатқан секілді...
* * *
Келеді пойыз
келеді пойыз заулатып,
Жүрегі шаттық, жүрегі жалын лаулатып;
Төбеде, сайда тебеді қарлы құйынды,
Ұйтқыта желді ұрады жерге аунатып.
Вагоны толып әнге де, күйге, жырға лық,
Келеді пойыз,
келеді пойыз ырғалып,
Қаладан қала
қабылдап қазақ өнерін,
Сыбаға-сыйын әкеліп оған тұр х алық.
Келеді пойыз,
келеді пойыз ырғалып,
Вагоны, толы әнге де, күйге, жырта лық,
Оң сапар тілеп, кетерде ғана күбірлеп
Кейінде сонау барады Жайық, Сыр қалып.
Келеді пойыз,
келеді өнер жар салып,
Келеді шалқып шабытқа толы барша лық,
Шығыстың күні шығады күліп кейінен,
Шашады нұрын батысқа барып қарсы алып.
* * *
Жарқылдап бақытындай күндіз бәpi,
Құлпырып оқа-зерлі құндыздары,
Аттанды тағы осылай астанаға
Әзелден ақын қазақ ұл-қыздары.
Баяғы қатал заңы жоқ тәңірдің.
Қобызын өртейтұғын отқа бірдің.
Бip емес, мына жолда мың келеді,
Өзінен айнымаған Октябрьдің.
Өнердің шарықтаған өpiндe кең
Сөз бе екен ұлы жанға елім деген, —
Мұнда бар Құрманғазы, Абай, Біржан,
Мезгілден махаббаты бөлінбеген.
Келеміз барлығымыз астанаға
Алғалы кәрігe де, жасқа баға.
Нан-тұзын алдымызға әкеледі
Өнepi өзге жұрттан асқан аға.
Шаттықтың онда қалай тынбақ әні,
Алда тұр ақыл, кеңес тым баталы.
Келеміз кең құшаққа еркін еніп,
Лeбiзiн махаббаттың тыңдағалы.
Махаббат! Жас гүліңе оранамын, —
Жас болып мәңгі-бақи жараламын.
Келеміз бiз осылай дүбірлетіп
Жұлдызды жүрегіне жер-ананың.
* * *
Сағындық бурыл сақал боз ағашын!..
Kөpiп бақ, көрмей қалай төзе аласың.
Оранып ақ мамыққа аяз күні
Орыстың ояу жатқан өз анасын!
Жүрекке мейірбанын алдық орап;
Тоқтатты ол тосын соққан қарды борап.
Көгілдір көзін ашып көрпесінен
Анасы аға жұрттың қалды қарап.
Қараңдар, өңшең 6epiк анттай ұлдар;
Ізетпен бас киімді ап қойыңдар! —
Жеңімпаз ұлы орыстың әскеріндей
Құрметті қарауылда ақ қайындар.
...Тағы да Москваны көрдік абзал,
Секілді бәpi мәрмәр кең бip ақ зал.
Жаудырып жамбысындай алтын нұрын,
Гүл алып терезеге келді вокзал.
Мұнда бар шаттықтан көз шылағалы
Жаныңның тілегені, сұрағаны —
Әр қазақ абзал ыстық құшақтан да,
Гүлден де, epiннeн де сыбағалы.
Тағы да, тағы, тағы шолып шығам:
Перронда адам-теңіз толықсыған;
Аспанға қайта шырқап жөнеледі
Шаттық үн шағаладай төнiп соған.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі