Сәлем хат – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сәлем хат» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2643
Оқитын алыс қалада
Жолдап ем сәлем ағама,
Әкел деп маған бір шана.
Кешікті ағам, келмеді,
Хатыма жауап бермеді,
Өтсе де күндер біршама.
Ақыры бір күн қар кетіп,
Көктем де жетті жарқ етіп,
Шаттыққа бөлеп бау-бақты.
Тағыппын оған бекер мін.
Жазбаппын аға мекенін,
Сондықтан, хатым бармапты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері