Кел, кел деп тіл қатады ғасыр маған – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Кел, кел деп тіл қатады ғасыр маған» атты Қанипа Бұғыбаева жазған тіл туралы өлең берілген.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 679
Кел, кел деп тіл қатады ғасыр маған,
Тарихтай құпиясын жасырмаған.
Осынау аспанымнан әлі де бір,
Жұлдызым бар сияқты ашылмаған.
Жасыл тау, жасыл өлке, жасыл ғалам,
Арманым бар, іске әлі асырмаған.
Көздегі таң шығындай үмітімнің,
Бір гүлі бар сияқты ашылмаған.
Мөп мөлдір елестетер шық бейнені,
Шық бейнеге, аманат жүктейді елі.
Мен уақытты күткенмен келмейді деп,
Уақыт өтіп барады күтпей мені.
Асықтырып батқан кеш, ақ таңыма,
Қабағыңа қарамай жоқ, барыңа.
Кешіп өтер сәулелі жарық дүние,
Сурет салып миымның қатпарына...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері