Ғашықтар күтеді – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Ғашықтар күтеді» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1223
Қоштастық, қош бол енді, амал қанша,
Қайтадан аққу көлге оралғанша.
Сен деп қана соғады, сен деп қана,
Осыдан сүйген жүрек аман қалса.

Қайырмасы:
Ғашықтар күтеді зарыққанша,
Хош, қалқа, қайтадан жолыққанша.
Сүйген жандар табысады,
Махаббаты серік болса.

Қайтадан аққу көлге оралғанда,
Болармын сен келмесең мен арманда.
Жер бетінен табылмас ешбір бақыт,
Күнәсіз ақ махаббат тоналғанда.

Қайырмасы.

Аққудай аспанында қалықтаған,
Келсеңші, қанатыңды қағып маған.
Сүйші, жаным, сүйейін қоштасарда,
Өртеніп көз алдыңда жанып барам.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері