Өлең, жыр, ақындар

Жеті атасын білмей өскен ұл

Жеті атасын білмей өскен ұл

Зинақорлық өріс алған заманда,
Тек жайында сұрай көрме адамнан.
Жеті атасын білмей өскен баланың,
Артында тұр зымиян ойлы талай жан!

Қыздың ары олар үшін сөз емес,
Кенде емес шығар бәлкім баладан.
Бірақ ұрпақ - аманаты Аллаһтың,
Қияметте алатұғын жағаңнан...

Итеретін шұңқырына тозақтың,
"Кешірім сұра" - деп ұратын, - анамнан!"
Қызды қорлап, сезімімен ойнаған,
Ей, еркектер! Сабақ алғын қоғамнан.

Зина - қарыз. Ертең сөзсіз қайтады,
Ұл-қызыңнан, әйелің мен анаңнан.
Күліп жүріп жасаған көп күнәңді,
Жылап жүріп өтейтұғын заман бар.

Бүгін бәлкім жылатарсың біреуді,
Сені де алда күтіп тұрған жазаң бар.
Қыз тағдыры - ұлт тағдыры жарандар,
Ер баланың тәрбиесіне қараңдар!

Зорлықшыны күтіп тұрған зорлау бар,
Қорлаушыны күтіп тұрған қорлау бар.
Жылатса кім, бір әйелді, оңбайды...
Көз жасы мен наласына қалмаңдар!

Имансыздық - ұлтты жояр айбалта,
Ұятсыздық пен арсыздыққа былғанса.
Қыздың ары - ұлттың ары халайық,
Барлығымыз үн қосайық қорғауға!

Гүлмекен Қасенбай
31.12.2025



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз