Алғыс – Сұлтанмахмұт Торайғыров

Бұл бетте «Алғыс» атты Сұлтанмахмұт Торайғыров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.04.2015
  • 1
  • 2
  • 17123
Жанымды жарқыраткан, ағаларым!
Көп тиді біз - ініңе паналарың.
Талпынып, таянды ғой төбем көкке,
Жоқ еді қозғаларлық шамаларым.
Бақ пен тақ, жақсылықган нұр құйылып,
Өмірлі болсын бала-шағаларың!

Жаным, тәнім, тілегім — бәрі сізде,
Онан баска еш нәрсе жоқ қой бізде.
Бір құдай тілегімді қабыл етіп,
Жақсылықнұр жауғызсын, жұртым, сізге.


Пікірлер (2)

Нургуль

Жаксы

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері