Аспан тұман, жер дымқыл – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Аспан тұман, жер дымқыл» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 698
Аспан тұман, жер дымқыл,
Шығар екен күн қашан.
Кеудемдегі көл күлкім,
Тартылыпты, тыңдасам.
Мұңаяды күзгі бақ,
Бұлбұл ұшып басынан.
Сезіміңді жүз бұрап,
Айтатұғын асыл ән.
Сарғыш тартып жасыл қыр,
Сызылтады ой әнін.
Егіз бұлақ басы бір,
Жоғалтқандай аяғын.
Мұнартады бала шың,
Алқымына шылап бу.
Сабайды үнсіз жағасын,
Ұшпай қалған бір аққу.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аспан тұман, жер дымқыл өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Аспан тұман, жер дымқыл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аспан тұман, жер дымқыл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аспан тұман, жер дымқыл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері