«Арайлы таң!», «Қайырлы түн!» – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте ««Арайлы таң!», «Қайырлы түн!»» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

«Арайлы таң!», «Қайырлы түн!»,
Қысқа ғана қайырған хаттарыңыз,
Байқатады –
бұрынғыдай емессіз, жат жаныңыз.
Аяп мені аялау қажет емес,
(Ақталыңыз демеймін, бар сырды ақтарыңыз)
Мейлі мені қинасын қимас сол шақтарымыз.
Ынтық едік.
Мен әлі сол қалпында биік көріп,
Ақтарылып жазамын сағынышты күйімді үйіп-төгіп.
Ал Сіз ... үнсіз.
Қалайша үлгердіңіз
аз уақытта сүйіп, көміп.
Кейде мен де ығыр ғып...
Сосын Сіз жазасыз амалсыздан,
(Мұны сезіп сырқырар санам сыздан),
Селқос жүрген сырбаздан сөз суырып
азаптымын мен,
ал Сіз - алаңсыз жан...
Жүрген шақта бас аман,
бауыр бүтін,
Шығаратын шығарсыз мен үшін ауыр үкім.
Ертең таңға тілекші мүмкін-ау хат келмеуі,
...Қайырлы түн!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

«Арайлы таң!», «Қайырлы түн!» өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

«Арайлы таң!», «Қайырлы түн!» өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

«Арайлы таң!», «Қайырлы түн!» өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

«Арайлы таң!», «Қайырлы түн!» өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері