Бұл бетте «Заты сұйық болған соң» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ұяласып ылғи қиқым-сиқыммен Өш алмақсың мынау қиқы-сыйқыңмен. Білуші ме ең, «хан артынан жұдырық» Бір кездері Абайға да ит үрген.
«Жекешелеп, өзің көр өз күніңді», Киелі де жүйелі сөз бүгінгі. «Баста ақыл ашынған» ауыр жолын Таңдағандар тобына көз сүрінді.
Әділет пе тудыру сөз таласын, Мойындамай оянған ел санасын. «Кимешектер кітап оқып» білімнің Бұлағынан қанды қазақ баласы.
Хабарлама
INFO
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі