Құлмақ – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Құлмақ» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1572
Құлмақ келіп егінге,
Қадап қойған қу таяққа шырмалды;
Жақынырақ бір жас емен тұрған-ды.
«Бұл кемтардан не пайда бар өмірге?
Жалпы, түк жоқ тегінде, –
Деп сол Құлмақ одан әрмен тырбанды. –
Қада, сендей ұсқыны жоқ түк мұның,
Не тұрады сенің әсем тіктігің!
Әрине, оны жапырақтар бүркеген,
Бірақ, сұрсыз жасыл түрі түр ме екен?
Не үшін жерден нәр ап тұр?»
Апта өтпей-ақ қадаң бұл
Отын болып кесілді,
Ал, еменді егістікке көшірді.
Оған еткен еңбек текке кетпеді:
Емен жайлап жапырақ жайып көсілді.
Құлмақ оған жабысты да көктеді;
Сол арқыры жұрт мақтайтын боп алды.
* * *
Қылығы бұл жылпостардың орамды:
Айтқандары кіл сандырақ шүбәлі.
Тыя алмассың мұндайды,
Жалған айтпай тұрмайды.
Жағдай туса ыңғайлы,
Тағы алдыңнан шығады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құлмақ өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Құлмақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құлмақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құлмақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері