Өтежан Нұрғалиев

Бұл бетте «Өтежан Нұрғалиев» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2709
Бөлек біткен жаратылыс күмбезі,
Ақындардың ақыны еді ол өзі.
Сыймай кетті кең дүние тар болып,
Әділетсіздікке шоқтай жанып өзегі.
Сүйе біліп өзі сүйген халықты,
Ол үйретті еркіндікті даңқты.
Ар-намысын биік ұстап кірлетпей,
Жырлай біліп Отан атты алыпты!
Нар еңбекке табындырып жүректі,
Шақырумен жарқын жаққа желекті.
Отты өлеңнен соғып әсем сәулетті,
Шырақ жағып дарындылар жолына,
Аямады қолдан келер көмекті.
Терең оймен дариядай ағыла,
Ие болып ер азамат тағына.
Нажағайдай көкте ойнаған шатырлап,
Бағынбады озбыр билік заңына!
Жағынумен жөндеп алып жағдайын,
Менменсумен кеуде соққан талайдың.
Бетін тіліп ақиқатты айтқан ол,
Өрлігімен тура біткен Адайдың!
Тазалықты алған әбден бекініп,
Қас жауы еді алдау-арбау өтірік.
Жоламайтын маңайына арсыздар,
Тастайтындай тұншықтырып өлтіріп!
Қажет етпей тіршіліктің арзанын,
Шарқ ұратын іздеп ойдың маржанын.
Табиғат- ана өзін бөлек туғызған,
Дауыл еді мәрт мінезі жайсаңның!
Өзі сыйлап туғанынан дарынды,
Жаратқаннан болған туыс жақыны,
Ел бақытсыз сыйламаған ақынын.
Шаңға апарып лақтырғандай алтынды,
Басқасалса кім көтермес тағдырды.
Қоқыс толы, қорқау толы қоғамның,
Шеңберіне кірмей кетті ақыры!
Ақиқаттан іздеп биік арманын,
Досы болып жаны таза жандардың.
Үміт артып інілерге дарынды,
Сыйлап кетті қолдан дана қаламын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өтежан Нұрғалиев өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Өтежан Нұрғалиев өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өтежан Нұрғалиев өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Лұқпан Сисекенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өтежан Нұрғалиев өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері